Заңсыз «кіріспен» айналысқан
Заңсыз «кіріспен» айналысқан
507
оқылды
Атырау қалалық прокуратурасы қалалық Кірістер басқармасындағы сыбайлас жемқорлық фактілерін әшкереледі. Тексеру нәтижесінде құзырлы орган­ның салық өндіруде әрекетсіздік танытуы, бизнес субъектілерінің қыз­метіне заңсыз араласу деректері анықтады. Атап айтқанда, Атырау қалалық Мемлекеттік кірістер басқармасының қызметкерлері «сыйақы» үшін борышкерлердің банк есепшоттарындағы бұғаттауларды алып тастаған. Басқарманың бас маманының жеке есепшотына борышкерлерден жүйелі түрде жалпы сомасы 2,7 млн теңге көлемінде ақша түскен. Қазір аталған деректерге қатысты материалдар процессуалдық шешім қабылдау үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдеріне жолданған. Нәтижесінде,  мемлекет пайдасына 80 миллион теңге өндіріліп, 70 кәсіпкердің құқығы қорғалған. Сондай-ақ 15 лауазымды тұлға тәртіптік, бір қызметкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды.