Петропавл әуежайы аукционға шығарылды: бастапқы құны – 5,6 млрд теңге
Петропавл әуежайы аукционға шығарылды: бастапқы құны – 5,6 млрд теңге
©tengrinews.kz
226
оқылды

16 наурызда Петропавлдың әуе айлағы аукционға шығарылды. Өтініштер 15 күн ішінде қабылданады. Әуежайдың бастапқы құны 5,6 млрд теңге.

Солтүстік Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсат Баяхмет бұл ақпаратты растап, жергілікті биліктің әуежайды сенімгерлік басқаруға бергенін сөз етті. – Елімізде 15-тен астам әуежай бар. Олардың тең жартысы не сенімгерлік басқаруда, не мемлекеттік-жекеменшік серіктестікте. Біздің әуежай министрліктердің қарамағында (ҚР МИИР, ҚР ҚМ) мемлекеттік болған. Кейін мекеме банкротқа ұшырады. Сол кезде әкімдік оның бүкіл мүлкін сатып алған болатын. Енді әкімдік әуежайды бәсекелестік ортаға беру үшін жекешелендіру арқылы сенімгерлік басқаруға беруге әрекеттеніп жатыр. Яғни, инвестор мүдделі болса, инвестиция құйып, аукционға қатыса алады, – деді Мақсат Баяхмет. Айтуынша, қазір әуежайдың ешқандай қарызы жоқ. Басты мәселе, 1,5 миллиард теңгеге үш жылдың ішінде әуежайдың инфрақұрылымын жақсартуы тиіс. Қазір Петропавл әуежайында 100-ге жуық адам жұмыс істейді. Техникалық қызметкерлер – 60 мың теңге, басшы қызметтегі мамандар 150 мың теңге жалақы алады. Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысының облыс орталығынан Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшуға болады. Бірақ оның өзі субсидияланған рейстер.