Шымкентте 10-нан астам онлайн порностудия анықталды
Шымкентте 10-нан астам онлайн порностудия анықталды
353
оқылды

Интернет арқылы порнографиялық қызмет ұсынумен айналысқан қылмыстық топ құрықталды, деп мәлімдеді полиция бастығының орынбасары Арман Бейсенбаев. Бұл туралы polisia.kz сайты жазды. 

"2021 жылдың шілде айында онлайн қызмет ұсынатын порностудия анықталды. Жарты жыл бойы қажет іздеу шараларын жүргіздік. Нәтижесінде Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындарының осы іспен айналысқанын анықтадық. Олардың бесеуі – Қырғызстан, алтауы – Қазақстан азаматы. Олар мегаполистің үш жалдамалы пәтерінде болған", – деді Арман Бейсенбаев.
Сот шешімімен барлығы 11 адам қамауға алынды. Олардан 44 мың АҚШ доллары, Toyota Camry 70 және Lexus GX 460 көліктері тәркіленді.
"Аталған фактілер ҚР ҚК “ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастыру және оған басшылық ету”, “кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және тарату немесе оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту” баптары бойынша тіркелді. Сондай-ақ, қылмыстық топты ұйымдастырып, басқарған Қырғызстан азаматынан есірткі заттары тәркіленді. Қалада жалдамалы пәтерлерде жабдықталған 10-нан астам веб-порностудия әшкере болды. Онда 50-ге жуық қыз бала жұмыс істеген. Ішінде кәмелеттік жасқа толмаған екі жасөспірім бар. Бұдан өзге, олардың көпшілігінің есірткі тұтынғаны белгілі болды", – деді Арман Бейсенбаев.
Мұнымен қатар, полиция өкілі порностудияның аудиториясы негізінен шетел азаматтары болғанын және қызмет ақысын шетел валютасымен төлегенін хабарлады.