Алдағы күндері солтүстікте қар жауып, боран соғады. Оңтүстікте жаңбыр жауып, соңы қарға ұласады.
Циклонның әсерінен солтүстік өңірлерде жауын-шашын болады. Қазақстанның батыс, оңтүстік-батыс аудандарына солтүстік-батыс антициклон әсеріннен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
25-26 наурызда Оңтүстік Каспий циклоны әсерінен оңтүстікте жаңбыр, қар жауады.
Республиканың солтүстігінде, шығыста, республика орталығында тұман, көктайғақ, жел күшейіп, боран соғады.
Солтүстікте түнде ауа температурасы 2-15 градус аяз. Оңтүстік жартысында ауа температурасы 3-11 градус аяздан 0-8 градусқа дейін көтеріледі. Күндіз термометрлер 0-8 градусты көрсетеді. Республиканың солтүстігінде 0-9 градус аяз, оңтүстігінде 7-17 градус аяз болады.