Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі бүгін 06 сағат 32 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 112 шақырым жерде Қазақстан аумағында орналасқан.
Зілзаланың энергетикалық санаты – 10.4. MPV магнитудасы – 4,9. Тереңдігі – 30 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ.