Атырауда 14 заңсыз темір қабылдайтын орын анықталды
Атырауда 14 заңсыз темір қабылдайтын орын анықталды
522
оқылды

Металл ұрлауға қатысы бар адамдарды анықтау, ұстау және қылмыстық жауапқа тарту мақсатында Атырау қаласы аумағында 16-31 наурыз күндері  аралығында «Металл» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараға Атырау қаласы Полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің және жергілікті полиция қызметі бөлімінің учаскелік полиция қызметкерлері арасынан арнайы топтар құрылды. Аталған іс-шараның он күнінде қала аумағында жұмыс жасап жатқан  70 астам темір қабылдау орындарына тексеріс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде құжатсыз жұмыс жасап жатқан 14 темір қабылдау орны анықталды. Олардың заңдылығын тексеру мақсатында, мәліметтер мемлекеттік кірістер басқармасына жолданатын болады. Сонымен қатар, аталған 14 темір қабылдау орынының құжатсыз жұмыс жасағандарына қарамастан, рұқсатыз жарнама плакаттарын ілгендігі белгілі болды. Олардың иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505 бабымен әкімшілік хаттамалар жасақталып, әрқайсысына 30 630 теңге көлемінде айыппұл салынды. Одан бөлек,темір ұрлығына қатысы бар, оның ішінде металл, «Қазақтелеком» кабельдерін қолды қылған екі адам ұсталды. Олар жасаған 15 ұрлық анықталды. Қазіргі уақытта тергеу басталды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын табуда.