UFC-де өнер көрсететін қазақстандық файтер Шавкат Рахмонов АҚШ өкілі, «Гаити сенсациясы» лақап атымен танылған Нил Магниді жекпе-жекке шақырды.
Шавкат Twitter-де Магнидің баспасөз мәслихатында кез келген қарсыласпен, соның ішінде Фрэнсис Нганну мен Хамзат Чимаевпен төбелесуге дайын екенін айтты.
Айта кетейік, Нил Магни қазір UFC жартылай орта салмақ рейтингінде 9-орында, ал Шавкат Рахмонов 15-орында тұр. Екі спортшы да соңғы жекпе-жектерінде жеңіске жетті.