Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін сақтамағандарды жауапқа тартты.
30 наурыз күні сағат 18:30 шамасында Атырау қаласы, Құрманғазы көшесі, Сатпаев-Ерниязов көше қиылысында Toyota Camry 40, Лада Веста, Toyota Camry 50 және Лада Гранта автокөліктері жол жүрісі қағидасының жүргізуші және жолаушыларына қатысты тармақтарын бұзып, яғни көлік құралының қозғалысы кезінде терезесінен және люктен денесін шығарып, жолдың жүріс бөлігінде маневрлеу, жүргізуші және жолаушы бола тұра қауіпсіздік белдігін тақпай, мемлекеттік белгісі жоқ, кәмелет жасқа толмаған жүргізу құқығы жоқ күйде басқарғандығы, автокөліктерге апаттық жағдай тудыра отырып, заңды өрескел бұзғаны анықталды.
Toyota Camry 40 жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігімен (қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 15 315 теңге айыппұл), 595-бабының 1-бөлігімен (маневр қағидаларын сақтамағаны үшін 15 315 теңге айыппұл) және аталған көліктің жолаушысына ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлімімен (жолаушысы болып, автокөлік терезесінен денесін шығарғаны үшін 6 126 теңге айыппұл) әкімішілік жауапкершілікке тартылды.
Лада Веста автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-ң 593-бабының 2-бөлігімен (қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 15 315 теңге айыппұл салынды) және жолаушысына 615-баптың 1-бөлігімен (жолаушысы болып, автокөлік терезесінен денесін шығарғаны үшін 6 126 теңге айыппұл салынды) әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
https://youtu.be/3wjF2ZDVaws
Toyota Camry 50 автокөлігінің жүргізушісі 17 жастағы жасөспірім екендігі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 2-бөлігімен (Көлiк құралын басқару құқығы жоқ адамның оны (жүргiзіп үйренуден басқа) басқаруы, сол сияқты тиiстi санаттағы көлiктi басқару құқығы жоқ жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы 15 315 теңге айыппұл) және автокөлік иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабының 5-бөлігімен (жүргізу құқығы жоқ адамға көлік құралын басқаруға рұқсат бергені үшін 153 150 теңге айыппұл) әкімшілік хаттама жасақталып, автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды.
Лада Гранта автокөлігінің жүргізушісіне ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабының 3-бөлігімен (Маневр жасау қағидаларын бұзғаны үшін, 15 315 теңге айыппұл), 590-бабының 2-бөлігімен (мемлекеттік белгісі жоқ болғаны үшін 30 630 теңге айыппұл), 590-бабының 10 бөлігімен (лед шамын орнатып жүргізгені үшін 30 330 теңге айыппұл), 593-бабының 3-бөлігімен (жабдықталған қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін 30 630 теңге айыппұл) 606-бабының 1-бөлігімен (басқа көлік құралдарына апаттық жағдай туғызып, көлік құралын жүргізгені үшін 30 630 теңге айыппұл) әкімшілік жауапкершіліктерге тартылып, автокөлігі арнаулы тұраққа қойылды. Көліктің екі жолаушысына ҚР ӘҚБтК-нің 615-бабының 1-бөлігімен (жолаушысы болып, автокөлік терезесінен денесін шығарғаны үшін 6 126 теңге айыппұл) әкімшілік хаттама жасақталды.
Одан бөлек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзған екі жолаушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 153 150 теңгеден айыппұл салынды.
Одан бөлек, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Гимнін пайдалану және орындау тәртiбiн бұзған екі жолаушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 458-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама жасақталып, әрқайсысына 153 150 теңгеден айыппұл салынды.