15 жылда 5 миллиард теңге: AYALA қоры мыңдаған нәрестенің денсаулығына сеп болды
15 жылда 5 миллиард теңге: AYALA қоры мыңдаған нәрестенің денсаулығына сеп болды
456
оқылды
AYALA Қайырымдылық қоры өз жұмысының 15 жылы ішінде нәрестелер мен балалар өлімін азайту, жасөспірімдерді кәсіби бағдарлау және ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға көмек көрсету жобаларына 5 миллиард теңгеден астам қаражат жұмсады.  2007 жылдан бастап AYALA қоры қайырымдылықтың осы үш бағытында дәйекті және жүйелі жұмыс істейді. Қор жұмысының басты мақсаты – тиімді қайырымдылық. Демеушілердің қаражаты мен қазақстандықтардың қайырымдылық жарналары бір жолғы көмекке емес, жылдар бойы жұмыс істейтін жобаларға жұмсалады. Оның нәтижесі – біздің елден тыс жерлерде емес, Қазақстанда аман қалған жүздеген мың бала өмірі. Еліміздің балалар үйлері мен мектеп-интернаттарында кәсіби бағдарлау дағдыларының негізін алған жүздеген жоғары сынып оқушылары бар. Ерекше мүмкіндіктері бар мыңдаған балалар қор орнатқан жабдықтармен түзету арқылы дамиды. Тек 2021 жылы қор ірі демеушілерден және қазақстандықтардың қайырымдылық жарнасы түрінде 480 млн теңгеден астам қаражат тартты, оның 216 млн теңгесі Қазақстанның 12 перинаталдық орталығында 80 жаңа медициналық техника сатып алуға және орнатуға бағытталды. Алдағы 5 жылда бұл мыңдаған нәрестенің өмірі мен ақыл-парасатын сақтап қалуға көмектеседі. БФ AYALA_15 лет в цифрах_Медицина
– Біржолғы қаржы жинау – біздің жолымыз емес. Біз мұны жұмысымыз басталған уақытта түсіндік. Дәрігер ретінде түсінгенім, тек жүйелі тәсіл ғана ауқымды нәтижелерге алып келуі мүмкін. Сондықтан біздің қор 15 жыл бойы балалар реанимациясына арналған жабдықтармен жұмыс істейді және балалар дәрігерлерінің – неонатологтардың, ортопедтердің, кардиохирургтардың, реаниматологтардың біліктілігін арттырумен айналысады, – деп түсіндіреді AYALA қорының президенті Айдан Сүлейменова. – Жыл сайын еліміз бойынша перинаталдық орталықтардың реанимациясы арқылы мыңдаған бала өтеді. Медициналық жабдық бірнеше жыл жұмыс істейді, оған қоса қор дәрігерлердің жаңа туған нәрестелерді күтіп-бағу бойынша білімі мен дағдыларын үнемі жаңартып отырады. Нәтиже әрбір ата-анаға түсінікті.
 Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылының ішінде AYALA 15 жыл жұмыс істеп келеді. Осы уақыт ішінде 2,2 млрд теңгеден астам қаражат қазақстандық денсаулық сақтау мекемелерінде балаларды құтқару және күтіп-бағу жұмыстарын жетілдіруге бағытталды. Қордың балалар өлім-жітімі көрсеткішін төмендетуге қосқан үлесін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі атап өтті. Қордың алдағы жылдарға арналған жоспарында балалар мүгедектігін қысқарту бойынша белсенді жұмыс бар. – Өкінішке қарай Қазақстанда мүгедек балалар саны қарқынды өсуде. Соңғы 5 жылда бұл сан екі есеге артып, 100 мыңнан асып кетті немесе шағын қала халқының санына жетті. Баланың өмірін сақтап қалу өте маңызды, бірақ одан да маңыздысы оны функционалды түрде сау қалдыру. Сондықтан бірнеше жылдан бері біз балалар реанимациясын балалардың мүгедектігін азайтуға көмектесетін құрал-жабдықтармен және емдеу технологияларымен қамтамасыз етудеміз, – деді Айдан Сүлейменова. – Осылайша елімізде автоматты гипотермия аппараттары пайда болды. 2017 жылдан бастап олар қор оқытқан дәрігерлердің қолымен 200-ден астам баланың өмірі мен ақыл-парасатын сақтап қалды. Өткен жылдан бастап біз ретинопатиямен шала туған нәрестелердің көру қабілетін сақтау жұмыстарына белсене қосылдық. Денсаулық сақтау министрлігімен бірқатар кездесулер өткізіп, осы ауруды дәрі-дәрмекпен емдеу жөніндегі хаттаманы іске асыруға қосылдық. Көздің торын коагуляциялауға арналған 4 лазерлік қондырғы мен екі офтальмоскоп сатып алдық. Офтальмолог дәрігерлер үшін тегін бейне курстар түсіруді жоспарлап отырмыз. 6 ретиналды камера мен 11 офтальмоскоп сатып алу үшін демеушілермен белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осының барлығы келешек 3 жылда ретинопатиясы бар жаңа туған нәрестелерде көру қабілеті бойынша мүгедектіктің айтарлықтай төмендеуіне әкелуі тиіс. AYALA өз жобаларына демеушілерден жиналған қаражаттың 100%-ын және құрылтайшылардың қаражаты есебінен әкімшілік шығыстарды қамтамасыз ете отырып, жеке қайырымдылық жарналары арқылы жібереді. Ашықтық пен толық есептілік – қордың тағы бір артықшылығы. Ayala.kz сайтында 2007 жылдан бастап барлық қаржылық есептер және 2016 жылдан бастап KPMG тексерген барлық аудиторлық есептер бар.