Шымкент шаруалары жер салығын шаршы метр емес, гектарға есептеуді сұрайды
Шымкент шаруалары жер салығын шаршы метр емес, гектарға есептеуді сұрайды
Сурет: adilettv.kz
394
оқылды
Мәжіліс депутаттары Берік Оспанов пен Берік Бекжанов премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдің атына жолдаған сауалында Шымкент қаласындағы жер салығы мәселесін көтерді, деп хабарлайды Informburo.kz сайты.  Шымкент республикалық маңызы бар қала статусын берер алдында қаланың бас жоспары өзгерген. Бас жоспар жасалған кезде Түркістан облысының Ордабасы, Сайрам және Төлеби аудандарының біршама ауыл шаруашылығы жерлері Шымкент қаласының аумағына өткен.
"Бірақ, бұл өзгерістер шаруа қожалықтарына салық бойынша үлкен ауыртпалық тудырды. Қазіргі таңда шаруалар егістік жердің салығын гектарына емес, шаршы метіріне төлеп отыр. Нәтижесінде егістік жерге миллиардтаған салық есептеліп отыр, мұның барлығы өз кезегінде өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының ақсап жатқанының бірден-бір себебіне айналуда", – деді мәжіліс депутаттары.
Бүгінгі таңда Шымкент қаласында ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер көлемі 62,600 га құрайды және 5 мыңға жуық шаруа қожалығы тіркелген.
"Барлық шаруа қожалықтарында осы сипатта қиындықтар туындауда және алдағы уақытта бұл жағдай үлкен дауға айналу қаупі бар.Мәселені шешу бойынша қала аумағына өткен елді мекендердегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге арналған жаңадан базалық салықтық мөлшерлемелер анықтау және салықтық мөлшерлемелерді бір шаршы метріне емес, гектарына есептеу қажет деп санаймыз", – делінген депутаттық сауалда.