Комитет өкілі Pfizer вакцинасын алуға қатысты жиі қойылатын 15 сұраққа жауап берді
Комитет өкілі Pfizer вакцинасын алуға қатысты жиі қойылатын 15 сұраққа жауап берді
Фото: amp.extra.ie
393
оқылды
Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің өкілі Pfizer вакцинасын алу бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауап берді. 1)Вакцинация және ревакцинация үшін коронавирусқа қарсы вакциналардың қандай түрлері бар? КВИ-ге қарсы вакцинация және ревакцинация үшін Alvac, Sinoрharm, Комирнати (Pfizer) вакциналары бар. Қазақстанның кез келген азаматы немесе Қазақстан аумағында 3 ай және одан көп уақыт тұратын шетел азаматтары вакцинацияның бастапқы курсын, сонымен бірге ревакцинация ала алады. Олар барлық көрсетілген вакциналарды қолдана алады. 2) «Комирнати» вакцинасы халықтың барлық топтары үшін қолжетімді ме? «Комирнати» вакцинасымен (Pfizer) 12 жастағы және одан үлкен барлық адамдар егіле алады. Оның ішінде Қазақстан аумағында 3 ай және одан көп уақыт тұратын шетел азаматтары да бастапқы вакцинация кезінде қолдана алады. 3) «Комирнати» вакцинасын (Pfizer) қолдана отырып, қайталанған вакцинацияның толық курсын кім ала алады? Шетелге сапарға шығуды жоспарлаған барлық адамдар «Комирнати» (Pfizer) вакцинасын қолданып, вакцинацияның толық курсын қайта ала алады. 4) Шетелге шығатын адамдар вакцинацияның толық курсын қайтадан қалай ала алады? Шетелге шығатын адамдарға растайтын құжаттарын ұсынып, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакциналармен КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын қайта алуына болады. Бұл ретте, вакцина сапарға шығатын елдің талаптарына байланысты таңдалады. Егілетін адамнан немесе оның заңды өкілдерінен профилактикалық егу курсын қайта жүргізуге жазбаша түрде хабардар етілген келісім алынғаннан кейін КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын қайта жүргізуге рұқсат етіледі. 5) Шетелге шығатын кезде вакцинацияның толық курсын қайтадан алу үшін медициналық ұйымға қандай растайтын құжаттарды ұсыну қажет? Вакцинация курсын қайтадан алу үшін шетелге шығуды растайтын мынадай құжаттарды ұсыну керек: виза (туристік, қонақ, іскерлік), оқуға, емделуге шақыру, халықаралық деңгейдегі іс-шараларға – конкурстарға, конгрестерге және тағы басқаға қатысатынын растайтын құжат. 6) КВИ-ға қарсы соңғы вакцинация мен вакцинацияның толық курсын қайтадан алу арасында интервал бар ма? КВИ-ға қарсы соңғы вакцинация (вакцинация және ревакцинация) мен КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын қайталау арасындағы интервал кемінде 3 ай. 7) Вакцинацияның толық курсын қайтадан алған кезде алынған ревакцинацияны қайталанған курстың бірінші дозасы ретінде ескеруге бола ма? Егер дозалар арасындағы интервал 3 айдан аспаса, вакцинацияның толық курсын қайта жүргізу кезінде ревакцинацияны КВИ-ға қарсы профилактикалық егулердің бірінші дозасы ретінде есепке алуға болады. 8) Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) мақұлдаған вакциналарды, оның ішінде «Комирнати» вакцинасын қолданып, КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын қайдан алуға болады? Шетелге шығу мақсатында КВИ-ға қарсы вакцинацияның толық курсын тұратын жердегі профилактикалық егулер жүргізетін медициналық ұйымнан алуға болады. 9) «Комирнати» (Pfizer) вакцинасымен вакцинациялау кезінде қандай интервал сақталады? «Комирнати» вакцинасымен КВИ-ға қарсы егу бірінші дозадан кейін 21-28 күн интервалмен екі рет жүргізіледі. 10) «Комирнати» (Pfizer) вакцинасы қандай температуралық режимде сақталады? «Комирнати» (Pfizer) вакцинасы орталық қоймада 9 ай бойы минус 60-90 градус Цельсий температурада, медициналық ұйымдарда 1 ай бойы плюс 2-ден плюс 8 градус Цельсийге дейін температурада сақталады. Осыған байланысты, вакцина медициналық ұйымдарға тұтыну ескеріле отырып, аз мөлшерде жеткізіледі. 11) Неліктен егу кабинетінде КВИ-ға қарсы «Комирнати» вакцинасын алу үшін 6 адамның жиналуын күту керек? «Комирнати» (Pfizer) вакцинасы бір құтыда 6 дозадан болады. Вакцинаның ашылған құтысы плюс 2-ден плюс 30 градус Цельсийге дейін температурада 6 сағатқа дейін сақталады. Содан кейін вакцина егуге жарамсыз болады. Осыған байланысты, вакцинаның негізсіз есептен шығарылуын болдырмау үшін құтының мөлшерін ескере отырып, егілетін адамдар санының жиналғаны маңызды, яғни қысқа уақыт ішінде 6 адамды егу керек, осыған байланысты бұл мәселеге түсіністікпен қарауды сұраймыз. 12) Егер адам басқа елде «Комирнати» Pfizer вакцинасының бірінші дозасын алса, онда Қазақстанда вакцинация курсын аяқтауға бола ма? Қазақстан Республикасынан тыс жерде «Комирнати» (Pfizer) вакцинасын қолдана отырып КВИ-ға қарсы вакцинацияның бірінші дозасын алған адамдар Қазақстанда осы вакцинамен вакцинация курсын аяқтай алады (тиісті интервалмен екінші дозаны алады). 13) «Комирнати» (Pfizer) вакцинасының қанша дозасы бар? Вакцинация және ревакцинация үшін вакцина жеткілікті ме? Осы жылдың наурыз айының соңындағы жағдай бойынша республикада шамамен 2 млн доза «Комирнати» (Pfizer) вакцинасы бар, ол алдағы айларда егілетін адамдарды вакцинациялау және ревакцинациялау қажеттілігін қамтамасыз етеді. 14) Вакцинация паспортында қайталанған курс қалай көрсетіледі? КВИ-ға қарсы вакцинацияны жүргізу нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасының азаматтарында және тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтарында «eGov mobile» мобильдік қосымшасының «Цифрлық құжаттар» сервисінде электрондық «Вакцинация паспорты» бар. Электрондық «Вакцинация паспортында» вакцинация және ревакцинация туралы деректер көрсетіледі. 15) КВИ-ға қарсы вакцинация паспорттары қандай елдерде өзара танылады? Қазіргі уақытта әлемнің 33 елімен вакцинация паспорттарын өзара тану туралы келісім жасалды, олар: Аргентина, Белиз, Боливия, Бразилия, Ұлыбритания, Венгрия, Грузия, Индонезия, Иран, Иордания, Испания, Канада, Қырғызстан, Мальдив, Моңғолия, Армения, Беларусь, Молдова, Перу, Сан-Марино, Сербия, Тунис, Үндістан, Филиппин, Таиланд, Түркия, Өзбекстан, Чехия, Черногория, Эстония, Жапония, Шри-Ланка, Эквадор елдері.