Алматыда дәрігер өліміне қатысты жаңа деректер шықты
Алматыда дәрігер өліміне қатысты жаңа деректер шықты
©zoon.kz
353
оқылды

Гастроэнтерология институтында жұмыс істеген белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковқа аңшы мылтығынан оқ атып, өлтіріп кеткен. Оның әріптестерінің айтуынша, дәрігерді емхана есігі алдында атып кеткен. Оған аңшы мылтығынан оқ атылғаны белгілі болды. Полиция күдіктінің ізін суытпай қылмыс орнында бірден ұстады. Бұл туралы Алматы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов мәлімдеді.

Қылмыс жасалған қару тәркіленіп, адам өлтіру себебі анықталып жатыр. Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижесі Полиция департаменті бақылауында. Алайда тергеушілер күдікті марқұм дәрігердің емделушісі болуы мүмкін деген болжам жасады. Марқұмның артында екі баласы қалды. – Юрий Петровичпен 20 жылдай бірге жұмыс істедім. Қақ-соғы жоқ, тыныш адам болатын. Біреуге қиянат жасаған емес, –  дейді гастроэнтрология институтының директоры Ләйла Ташенова.