7 жасар бала сүндеттелген соң көз жұмды
7 жасар бала сүндеттелген соң көз жұмды
706
оқылды
2 сәуір күні Қырғызстан астанасындағы балалар клиникалық ауруханасының хирургия бөлімінде сүндетке отырғызылған бала қайтыс болды. Жергілікті 24.kg басылымының хабарлауынша, 7 жасар бала бір күн бұрын сүндетке отырғызылған екен. "Ол балалар емханасында анестезиямен сүндетке отырғызылды. Операциядан кейін оны №3 балалар ауруханасының хирургия бөліміне "Платтер синдромы" диагнозымен жатқызылды. Сүндеттелген кезде кесілген теріден қан кеткен. Салдарынан бала есін жимастан көз жұмған. Қазаның себебін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп хабарлады Бішкек қаласы Октябрь ауданы ІІБ баспасөз қызметі. Қазір баланың өліміне қатысты тергеу жүріп жатыр. Алайда сәбіидің ата-анасы сараптама жасаудан бас тартқан. "Бала ауруханаға 2 сәуір күні түскен. Оны сүндетке отырғызған, бірақ операциясы аяқталмай қалған. Содан қан кеткен. Туыстары операцияның қай жерде жасалғанын айтпады. Науқасты бірден тексеріп, наркоз берілді. Сол кезде баланың жүрегі тоқтап қалған. Өкінішке қарай, дәрігерлер сәбиді аман алып қала алмады», - делінген ведомство хабарламасында.