Он бес жастағы қыздардың 6 пайызы темекі шегеді – министр
Он бес жастағы қыздардың 6 пайызы темекі шегеді – министр
Фото: zhaikpress.kz
497
оқылды
Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният темекіге, оның ішінде электронды темекіге сұраныс артқанын айтты. Министрдің айтуынша, Қазақстанда 15 жастан асқандар арасында 21,5%-ы темекі шегеді. Оның ішінде, 38%-дан астамы – ер адамдар болса, ал 6,4%-ы – әйелдер.
«Темекі шегетіндердің орташа жасы – 17-18 жас. Мектеп оқушыларының мінез-құлқын зерттей келе, 15 жаста ер балалардың 10%-ы, қыздардың 6%-ы темекі шегетіні белгілі болды. Жасөспірімдер арасында электронды темекіні пайдаланатындардың саны көбейген. Мәселен, 15 жаста ұлдардың 14%-ы, ал қыздардың 6%-ы электронды темекі шегеді», – деді Денсаулық сақтау министрі.
Бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Алматыда дәрігерді атып өлтірген оқиғаға қатысты пікір білдірген еді.