Орал әкімдігі жергілікті трансформатор зауытына абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 300 мың теңге айыппұл салынды.
Сәуірдің 5-і күні қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлқай бұдан былай абаттандыру ережелерінің сақталуын қатаң қадағалап, қоқысты арнайы контейнерге тастамай, айналасын қоқсытқан үшін ешқандай ескертусіз айыппұл салынатынын айтты.
Айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін 20 АЕК-ке дейін, яғни 61,1 мың теңге. Ал заңды тұлғаларға 100 АЕК-ке дейін, яғни 306 мың теңге. Егер бір жыл ішінде тәртіпті қайта бұзса, айыппұл мөлшері екі есеге өседі.
Сол себепті, трансформатор зауытына аумағын тазаламағаны үшін 306 000 теңге көлемінде айыппұл салынды.