Еліміздің дәріханаларында инсулин қаншалықты тапшы?
Еліміздің дәріханаларында инсулин қаншалықты тапшы?
©www.renewal.ru
533
оқылды
Қазір елдегі дәріханаларда инсулин жетіспей жатыр. Сондықтан қант диабетімен ауыратын науқастар өздеріне қажетті препаратты алып-сатарлардан қымбатқа алуға мәжбүр. Бұл туралы  "Хабар 24" арнасы хабарлады.  Елімізде қант диабетімен ауыратындар кепілдендірілген медициналық көмек аясында инсулинді тегін алуы тиіс. Алайда кей науқастарға емханалар тегін жазып беретін препараттар сай келмеді. Содан бастап оралдық диабетик Александр Черченко инсулинді сатып алуға мәжбүр. Жыл басында ғана оның бір қорабы 19 мың теңге тұрған. Ал қазір препарат дәріханаларда сатылымда жоқ. – "Лантус" енді жоқ. Инсулинді тек қара нарықтан алуға болады. Емханалардан берілмейді. Өйткені ішінде 5 шприц-қаламсап бар "Лантустың" бір қорабы маған 2,5 айға жетеді. Енді Алматыға тапсырыс бердік", – дейді Орал тұрғыны. Бірнеше жыл бұрын диабетикалық ассоциацияда препаратты арзандау "биосимилярға" ауыстыру туралы ұсыныс айтылған. Бірақ ол ескерілмеді. Ассоциация президенті Руслан Закиевтің айтуынша, аптекадан "Лантусты" таба алмаған науқастар ұйымнан көмек сұраған. Денсаулық сақтау министрі елімізде инсулин тапшылығы жоқ екенін мәлімдеді. "Қант диабетімен ауыратын барлық науқас бюджет есебінен инсулинмен қамтамасыз етіледі. Ешкім дәріханадан сатып алмайды. Өйткені науқастар диспансерлік есепте. Олар инсулинді емханадан тегін алады", - деп түсіндірді министр Ажар Ғиният.