Қазақстанда көлік бағасы қымбаттай ма?
Қазақстанда көлік бағасы қымбаттай ма?
©wkipedia
286
оқылды
Қазақстанда көліктер қымбаттайды, оның ішінде жаңа көліктер сөзсіз қымбаттайды. Атап айтсақ, BMW, Hyundai, Subaru, Jaguar, Land Rover, Volvo, MINI, Haval және Chery көліктеріне әсер етеді. Биылдың өзінде осы маркадағы көліктер бағасы орташа есеппен сегіз пайызға көтерілген. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады. "Астана Моторс" компаниясы мәліметіне сүйенсек, бұған ақпан-наурыздағы валюта бағамының өзгеруі себеп болған. "Hyundai автокөліктері бағасының өсуін бақылауда ұстай алдық. Бірақ құрамдас бөліктердің жаңа бағаммен жеткізілуі және логистикалық тарифтердің өзгеруіне байланысты сәуірдің басынан бері кейбір үлгілер бағасы өзгерді. Алматыдағы Hyundai Trans Kazakhstan зауытында құрастырылатын Hyundai көліктерінің бұрынғы бағасын сақтай алдық. Алайда, бұл көліктер қымбаттайтыны сөзсіз. Өйткені біз бөлшектер, болат және логистика бағасына тәуелдіміз. Олардың жаңа жеткізілімдері жаңа бағамен келеді, сәйкесінше, бұл автомобиль құнына әсер етеді. Валюта бағамының ауытқуы, сондай-ақ болат, құрауыштар және логистиканың қымбаттауынан бөлек, автомобильдер құнына модельдер мен опциялар жиынтығының жаңартылуы әсер етуі мүмкін", - дейді "Астана Моторс" өкілдері.