Шахматтан корпорациялар арасында турнир өтеді
Шахматтан корпорациялар арасында турнир өтеді
233
оқылды
Корпорациялар арасында шахматтан Қазақстан Республикасының бірінші онлайн Кубогы өткізіледі. Бұл туралы Қазақстандық шахмат федерациясына сілтей отырып Aikyn.kz хабарлады. Жарыс 2022 жылдың 23 сәуірінде онлайн режимде lichess.org. ойын платформасында ұйымдастырылады. Федерация турнирдің жүлде қорына 1,5 млн теңге тағайындалғанын хабарлады. Қатысуға Қазақстан аумағында заңды түрде танылған кез-келген компанияның командалары шақырылады. Әр компаниядан тек 1 командаға қатысуға рұқсат етілген. Кубок швейцарлық жүйе бойынша 7 турда сарапқа салынады. Ойыншыларға 10 минут уақыт беріледі, сондай-ақ әр жүрісі үшін тағы 2 секунд қосылады. Әрбір команда төрт ойыншыдан тұрады, оған компаниямен тікелей қарым-қатынасы жоқ бір ғана қазақстандық шахматшы шақырылуы мүмкін, қалған барлық ойыншылар тұрақты негізде компанияның қызметкерлері болуы тиіс.
Турнирге қатысу үшін 15 сәуірге дейін әрбір команда өздерінің қатысатынын растайтын тіркеудің арнайы формасын толтырып, play@kazchess.kz поштасына жіберу керек. Сондай-ақ телеграм чатқа тіркеліп, қажетті мәлімет алуға болады.
Жеңімпаз команда 800 мың теңге сыйақы алса, екінші орыннан көрінгендер 500 мың теңге, ал үшінші орынға табан тірегендер 200 мың теңге сыйақы алады. Жарыстың ұйымдастырылуына ERG, Hyundai Trans Kazakhstan, Astana Motors, Astana Hub, Ақтөбе мыс компаниялары қолдау білдірді.