Халық тұрмысын жақсарту маңызды
Халық тұрмысын жақсарту маңызды
476
оқылды
Қоғамда отбасы – ошақ қа­сы мен қыз­метін қатар алып жүрген арулар аз емес. Бірі – жеке кә­сіп­пен айна­лысып жат­са, екін­ші­сі – мемлекеттік іс­терге ара­ла­сып, саясат сахна­сы­нан орын алды. Міне, сон­­дай жанның бірі – Жамбыл об­­лыстық мәслиха­тының депу­та­ты, кәсіпкер Фарида Жүнісова. Өмір жолында талай қиындықты еңсеріп, еңбектің тайқазанында шыңдалған Фарида Жүнісова 2018 жылы «Nur Otan» партиясының кадрлық резервіне өтеді. Өжет те, ал­ғыр, батыл да өз ісіне берік ма­ман­ды партия 2021 жылы ерекше ба­ға­лап, қаңтар айында партиялық тізім­мен об­лыстық мәслихаттың де­путаты ретінде сайлады. Бүгінде ол облыстық мәсли­хаттағы «AMANAT» партиясының депу­таттық фракция­сы жетекшісінің орын­басары. Со­нымен қатар облыстық мәс­лихат жанындағы агроөнеркәсіпті дамыту және экология, табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты ко­мис­сиясы мен партияның облыстық филиалы жа­нындағы Экологиялық кеңестің төрағасы. Бұдан бөлек, об­лыстық Кәсіпкерлер палатасының өңір­лік кеңесінің мүшесі. Құс өсіру­шілер одағының облыстық фи­лиалы төрағасы сияқты қоғамдық қызмет­терді абыроймен атқарып келеді. Фарида Амансарықызы еш­қашан елден алшақтаған емес. Бұ­қара үшін барын бөліп беріп, қинал­ғанға қол ұшын созып келеді. Мә­селен, 2018 жылы халық қа­лаулысы Байзақ ауданындағы Байзақ датқа кесенесінің маңын көгалдандыру-абаттандыру жұмыстарына 1,5 миллион теңге көлемінде демеушілік көмек көрсетті. Арыс қаласындағы жарылыс кезінде «Сенім Байзақ» қайырымдылық қоры арқылы зар­дап шеккендерге қаржылай және азық-түлік түрінде көмек қолын созды. Әлемдік пандемияға бай­ла­нысты карантин шектеуі шаралары кезінде Байзақ ауданындағы Жеті­бай ауылында тұратын аз қамтылған отбасыларды қам­қор­лығына алды. Сондай-ақ өкпені жасан­ды желдету аппараттарын сатып алуға демеу­шілік етіп, Тараз, Павлодар, Шым­кент қалаларындағы медреселердің құры­лысын қаржыландырды. Тараз қаласын­дағы орталық мешітке жыл сайын қаржы­лай және азық-түлік түрінде көмек көрсетіп келеді. Фарида Жүнісованың мәслихат мін­берінде де беделі биік. Сөзі өтім­ді. Облыс­тық мәслихаттың депутаты ретінде партия­ның облыстық фи­лиа­лы жанындағы Эко­­логиялық кеңес­тің жұмысына жетек­шілік жасайды. Бұл қызметте партияның сайлауалды бағдарламасын іске асы­ру мақсатында түзілген облыстық Жол кар­тасының индикаторлық көрсеткіштеріне сай қоқыс төгетін полигондарын эколо­гиялық талап­тарға сәйкестендіруге баса назар аударып отыр. Кеңес жұмысының нә­тижесінде «Қазфосфат» ЖШС тарапы­нан өңір экологиясына зиян келтіру фак­торын азайтуға мүм­кіндік туған. Қазір кә­сіп­орын өкіл­дері өндіріс нысаны ау­мағын­дағы 13,7 миллион тоннадан астам фос­фогипсті қайта пайдаланудың ғы­лыми негіздемесін жасап отыр. Фарида Амансарықызы мәсли­хаттың депутаты ретінде «AMANAT» партиясының облыстық, Байзақ аудандық филиалындағы қоғамдық қабылдау бөлмесі арқылы аза­маттар­ды жеке мәселелерімен де тұрақты түрде қабылдайды. Және қабылдау­ла­рында түйінді түйткілдердің түйі­нін бірден тарқатуға күш салады. Мә­селен, депу­таттың қабылдауына жұмыс сұрай келген сарыкемерлік төрт азаматты өзі басқаратын «Әу­лие-Ата Феникс» ЖШС-на жұмысқа алған. Ал партияның облыстық фи­лиа­лындағы қабылдау кезінде Тараз қаласы тұрғынының Міндетті әлеу­меттік медици­налық сақтандыру қорына міндетті тө­лемақысының 2 жылдық қарызын өтеп берген. Жоғарыда айтқанымыздай, Фарида Жүнісова депутаттықтан бөлек, кәсіпкер­ліктің де көкжиегін кеңейтуде. Ол 2010 жылы құс фабри­касының жұмысын қолға алып, ал­ғашқы жылдың өзінде 5 мың тонна өнім өндіреді. Қазір серіктестік 8 мың тонна құс етін шығаруда. Сою цехында тәулігіне 20 мың тауық сойылады. Фарида Амансарықызы Жаңа Қа­зақстан құрудағы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың батыл, баянды қадамдарын айрықша қолдап отыр. – Қаңтар оқиғасынан кейін халықтың партияға сенімін нығайту, партияны билік пен бұқараның арасында байланыс орнату­дың конструктивті диалог алаңына ай­нал­дыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізу қажет болды. Өз кезегінде бұл жұ­мыстар­дың бағыт-бағдары, іске асыру­дың ал­горитмін «Nur Otan» партиясының кезек­тен тыс ХХІІ съезінде Президенттің өзі ұсынды. Әрине, бұл съездің басты жаңа­лығы партия атауын өзгерту болды. Мұнан бөлек, партияны жаңғыртуды орталық аппаратынан бастап, бастауыш партия ұйымдарына дейінгі аралықты қамтитын партияішілік реформалардың бірнеше пакеті жарияланды. Президент айтқандай, партияның ребрендингі тек маңдайшадағы партия атауын өзгертумен шектеліп қалмайды. Мұнда бірінші кезекте барлық партиялық жұмысты қайта қарау қажет. Әсіресе, пар­тия аппаратының тиімділігін арттыру кезек күттірмейді. Жергілікті филиалдар мен бастауыш партия ұйымдарының жұмысы ең әуелі сайлаушылармен жұмысқа ден қоюынан көрінбек, – дейді депутат. Халық қалаулысы 16 наурыздағы Пре­зиденттің Қазақстан халқына Жолдауында айтқан «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағида­тын өзінің саяси ұстанымы еткен. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалар қоғам өміріне серпін әкеле­тініне бек сенімді. Аталған өзгерістердің жемісін әрбір азамат өзінің тұрмыс сапа­сының жақсаруынан көретініне депутат үміт артып отыр. Әрине, бір қолымен бесікті тербеген әйел, екінші қолымен әлемді тербейтіні бабадан балаға жеткен тағылым. Фарида Жүнісова сияқты іскер аруларды көргенде осы өсиетке кәміл сенесің. Ләйім, үйде де, түзде де тірлігін тіктеп, бұқараның базына­сына құлақ түріп, халықтың жоғын жоқтап жүрген Фаридадай депутаттар көп болсын деп тілейміз.

Жамбыл облысы