Депутаттар су қоймасына барды
Депутаттар су қоймасына барды
579
оқылды
Парламент Мәжілісінің депутаттары – AMANAT партиясы фракциясының мүшелері Ерлан Саиров, Еділ Жаңбыршин мен Зарина Камаcова Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен келді. Халық қалаулылары Глубокое ауданының Белоусовка ауылындағы су қоймасына барып, ондағы нақты жағдайды өз көздерімен көрді. Сонымен қатар аталған аудандағы Прогресс, Предгорное ауылдарындағы су тасқыны қаупі бар учаскелерді аралап, тексеру жұмыстарын жүргізді.
"Өңірлерге арнайы жұмыс сапармен келудегі басты мақсатымыз - су тасқыны қаупі бар деген учаскелерді аралап, ірі су қоймаларының жағдайын көзбен көру. Қазіргі таңда тұрғындар тарапынан тасқын су мәселесіне байланысты көптеген сауалдар түсуде. Сондықтан да тұрғындардың өтініштерін ескере отырып тасқынның алдын алу жұмыстарын көрдік. Өңірлердегі су қоймаларында түйткілді мәселелер де жоқ емес. Бұған дейін Шығыс Қазақстандағы Зайсан ауданындағы Үйдене, Тарбағатай ауданындағы Қандысу су қоймаларындағы өзекті мәселерді көтерген болатынмын. Біз мәселенің салдарымен емес, себебімен күресуіміз қажет", – дейді Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.
Глубокое ауданы Белоусовка ауылындағы су қоймасы 1946 жылы пайдалануға берілген. Оған Глубочанка өзені мен кіші Ертіс өзенінің оң жағалауы құяды. Су қоймасына жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп отырады.  width=
"Азаматтар тарапынан көтерілген кез келген мәселе назардан тыс қалмайды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік орган өкілдері мен депутаттарды халықпен жиі жүздесіп, толғандырған мәселерінің оң шешім табуына атсалысуды үнемі айтып келеді. Бүгінгі біздің жұмыс сапарымыз да Мемлекет басшысының осы тапсырмасының аясында жүзеге асырылып отыр", - деді Парламент Мәжілісінің депутаты Еділ Жаңбыршин.
Депутаттар 8-11 сәуір аралығында Шығыс Қазақстан облысының Риддер, Алтай, Катонқарағай, Күршім, Зайсан, Тарбағатай аудандарын аралап, ондағы су қоймаларының жұмысымен танысып, ауыл тұрғындарымен кездесетін болады. А.Әбіл Шығыс Қазақстан облысы