Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаздың" басшысы қызметінен кетті
Алик Айдарбаев "ҚазМұнайГаздың" басшысы қызметінен кетті
©tengrinews.kz
408
оқылды
Бұл туралы "Самұрық-Қазына" қорының қоғаммен байланыс және өзгерістерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Ғибрат Ауғанов мәлімдеді. "Алик Серікұлы Айдарбаев денсаулығының нашарлауына байланысты өз еркімен жұмыстан босату туралы арыз берді. Осыған байланысты мәселе алқада, сондай-ақ уәкілетті органдарда қаралып, шешім қабылданды", – деп түсіндірді Ауғанов қордың онлайн брифингінде. Бұған дейін Алик Айдарбаевтың "ҚазМұнайГаз" төрағасы ретіндегі өкілеті мерзімінен бұрын тоқтатылғаны хабарланған болатын. Оның орнына Құрманғазы Есқазиев "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасының міндетін атқарушы болып тағайындалды.