Алматыда үш баласын өлтіріп, өз-өзіне қол салған ананың ісі жабылды
Алматыда үш баласын өлтіріп, өз-өзіне қол салған ананың ісі жабылды
©orda.kz
332
оқылды
Бұл туралы Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді. Бұған дейін Әуезов ауданының полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы «Өзін-өзі өлтіруге итермелеу» бойынша қылмыстық іс қозғалған. Жедел-іздестіру шаралары аясында қылмыс құрамының болмауына байланысты іс тоқтатылды. Былтыр қараша айында ол 6, 5 және 2 жастағы үш баласын 9 қабатты үйдің терезесінен лақтырып жіберген. Артынан ананың өзі секіріп кеткен. Салдарынан ана мен екі баласы көз қаза тапты. Жедел жәрдем келген кезде үлкені тірі болған, бірақ ауруханаға жетпей көз жұмды.