Әлеуметтік желілерді бұғаттау мәселесі туындаған жоқ – Асқар Омаров
Әлеуметтік желілерді бұғаттау мәселесі туындаған жоқ – Асқар Омаров
©zakon.kz
428
оқылды
ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Асқар Омаров елімізде әлеуметтік желілер бұғатталмайтынына сендірді. Асқар Омаровтың айтуынша, әлеуметтік желілер ашық шығып, қажет деректерді береді. – Әлеуметтік желілерді бұғаттау туралы мәселе туындаған жоқ. Балаларды қорлау мазмұнындағы контент анықталса, хабарласатын, айтатын ұйымдар бар. Бұл Лос-Анджелеске немесе Майамиге сұрау жібермеу үшін, олардан жауап күтіп жүрмеу үшін керек. Тікелей жұмыс істеу үшін қажет, – дейді ол. Еске салайық, жаңа түзетулерге сай Қазақстанда орналасқан шетелдік әлеуметтік желілердің меншік иелері немесе өзге де заңды өкілдері БАҚ саласындағы уәкілетті органмен (МИОР) өзара іс-қимыл жасау үшін өз өкілін тағайындауы керек. Сонымен қатар бұйрық алғаннан кейін 24 сағатта Қазақстан заңнамасының талаптарын бұзатын ақпаратты жою шарасын қабылдауы қажет.