Индустрия министрі жеңіл көліктің неге қымбаттағанын түсіндірді
Индустрия министрі жеңіл көліктің неге қымбаттағанын түсіндірді
©wkipedia
347
оқылды
Үкімет отырысынан кейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жеңіл көлік бағасының қымбаттау себебін айтты. Министрдің айтуынша, елімізде құрастырылатын көлік бағасының өсуіне шетелден келетін бөлшектердің қымбат болуы әсер етуде. "Биыл көлік шығаратын әр зауытқа өз бағдарламасын бекіттік. Қай жылы және қандай өнімдер өз ішімізде шығарылуы керегін анықтадық. Өкінішке қарай оны тез арада алмастыру мүмкін емес. Әр шығаратын қосалқы бөлшекке шетелдік зауыттан сертификат алуымыз қажет. Мысалы, Hyundai көлігі болса, оның ішіне салынатын затты шығаратын болсақ, онда "сіздердің көліктеріңізге өз бөлшектерімізді салуға бола ма" деп рұқсат алуымыз керек. Ал оған ұзақ уақыт өтеді. Яғни, бұл дегеніміз мәселе қолымыздан келмегеннен емес, тіркеу рәсімдері өте ұзаққа созылып жатқандығында", – деді Қайырбек Өскенбаев. Сонымен қатар Өскенбаев құны 10 млн теңгеге дейінгі отандық көліктерді сатып алуға 4 пайыздық жеңілдікпен несие берілетінін жеткізді.