Құрылыс саласында дағдарыс жоқ – министр
Құрылыс саласында дағдарыс жоқ – министр
559
оқылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев тұрғын үй нарығындағы жағдай туралы айтты. "Біздің құрылыс саласында дағдарыс жоқ. Бізде мұндай жағдайда кей құрылысшылардың дағдарыс бар екенін айтып, қандай да бір идеология құруға деген ұмтылысы бар. Шын мәнінде бізде нақты белгіленген ұстаным бар. Тұрғын үйді алсақ, биыл 15 миллион шаршы метрді салуды жоспарлап отырмыз. Оның бар болғаны 15%-ы мемлекет арқылы салынып жатыр, қалған 85%-ы жеке секторда салынып жатыр. Сондықтан жалпы құрылыс саласына жаһандық оқиғалар әсер етеді деп ойласақ, мұнымыз – қате, - деді Қайырбек Өскенбаев. Тұрғын үй бағасына келсек, ИДМ басшысы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша шаршы метрдің құны бекітілгенін және оның әр қала мен облыс бойынша белгіленгенін айтты. "Құрылыс саласы біз үшін өте маңызды. Иә, жарты жолда кездесіп: «Мемлекет бағаны көтеріп жатыр. Бірақ бұл баспананы біреу сатып алуы керек» дейміз. Біздің адамдар бұл баспананы сатып алады, бірақ қымбатырақ бағада", - дейді министр Қайырбек Өскенбаев. Министрдің айтуынша, мұндай жағдайда мүдделер тепе-теңдігін сақтап, тұрғындардың пікірін ескеру қажет. Өйткені баспана қолжетімді болуы керек.