Атырау облысының әкімдігі бюджеттің 10 миллиард теңгесін қайтаруы керек
Атырау облысының әкімдігі бюджеттің 10 миллиард теңгесін қайтаруы керек
343
оқылды
Атырау облысында бюджет қаражатын игеруде 10 035 900 000 теңгенің дұрыс пайдаланбағаны анықталды. Бұл туралы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. 2021 жылдың желтоқсан айында департамент Атырау облысына бөлінген бюджет қаражаты мен мемлекет активтерін дұрыс пайдалануына байланысты аудит жүргізді. Нәтижесінде, Есеп комиссиясы құрылыс саласында және денсаулық сақтау саласында бірқатар заң бұзушылықтарды анықтады. Нақтырақ айтсақ, Атырау облысының әкімдігіне дұрыс пайдаланбаған қаражатты қайтару және өтеу бойынша шаралар қабылдау тапсырылды. Сондықтан бүгінгі күні әкімдік – 8 618 500 000 теңгенің орнын толтырып, 7 100 000 теңге өтеді.