Оралда полиция басшысы қамауға алынды
Оралда полиция басшысы қамауға алынды
©24.kz
302
оқылды
Оралдың тергеу соты пара алды деген күдікпен полиция бастығын екі ай мерзімге қамауға алуға санкция берді. Қалалық көші-қон полициясы департаментін басқарған Қанат Мұқанов уақытша ұстау изоляторына қамалды. "БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пара алу дерегі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-1-бөлігімен қозғалған қылмыстық істі тергеп жатыр. Орал қалалық ІІБ көші-қон бөлімінің бастығы жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ұсталды", – деді БҚО прокурорының аға көмекшісі Әсел Берқалиева. Қадағалау органы Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етуге жатпайтынын атап өтті.