Солтүстік Қазақстанда әкесінің бейітін таппай қалған азамат сотқа жүгінді
Солтүстік Қазақстанда әкесінің бейітін таппай қалған азамат сотқа жүгінді
349
оқылды
Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны әкесінің бейіті «көшіп» кеткендіктен таба алмай қалған. Бұл туралы Petropavlovsk.news хабарлады. Сәуірдің 11-і күні Ғабит Мүсірепов ауданына қарасты Новоишимск ауылының тұрғыны Игорь Лазарев әкесінің басына барып, оны таба алмай қалған. «Бейіт жерленген орнынан табылмады. 6 шақырымдай жерге көшіп кеткен. Сол жерден әкемнің кресті бар жаңа қабірді таптым. Бірақ онда әкемнің мәйіті бар-жоғына сенімді емеспін», – деп жазды Лазарев Facebook парақшасында. Мұндай іске кімнің барып, неге істегені белгісіз. Алайда Игорь Лазарев бұл іске жергілікті кәсіпкердің қатысы бар деп ойлайды. Оның айтуынша, жерлеуден кейін кәсіпкер марқұмды басқа жерге жерлеуді талап етіп, азаматқа сес көрсетіпті. Себебі, бейіттің қасында кәсіпкердің ұлының зираты орналасқан. Ол ұлының бейітінің жанында басқа біреудің жерленгенін қаламаған екен. Аудандық полицияда Қылмыстық кодекстің 314-бап, 1-бөлігінің «қайтыс болғандардың мәйіттері мен олардың жерленген жерін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды.