Ажырасқан әйел жасауын қайтару үшін сотқа жүгінген
Ажырасқан әйел жасауын қайтару үшін сотқа жүгінген
279
оқылды
Жамбыл облысында келіншек өзінің артынан келген жасауын бұрынғы күйеуінен алып беруді өтініп, сотқа жүгінген. Бұл туралы өңірлік соттың ресми сайтында хабарлады.  Соттың мәліметінше, 2021 жылғы маусым айында бойжеткен жауапкермен неке қидырған. Тойдан кейін қалыңдықтың төркіні жасау әкелген. Алайда арадағы келіспеушіліктен ерлі-зайыпты ажырасып кеткен. Содан ер адамның туыстары қыз жасауын қайтарудан бас тартқан. Осыдан кейін келіншек жасауды қайтару үшін Тұрар Рысқұлов ауданының сотына жүгінген. Істі қарау барысында тараптар дауды бітімгерлік жолмен шешу туралы келісімге келген. Оның шарттарына сәйкес, жауапкерлер 2022 жылдың 14 сәуіріне дейін арызданушыға тізімге сәйкес қыз жасауын қайтаруға міндеттелген. Ал келіншек белгіленген мерзімде мүлікті өзі тиеп, әкетуге міндетті. Медиациялық келісімді бекіту туралы сот ұйғарымы заңды күшіне енді.