Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды
Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары тағайындалды
©zakon.kz
412
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қанат Сейдгапбаров ҚР Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды. Бұл туралы Ақорда таратқан хабарламада жазылды. «Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Серікұлы Сейдгапбаров Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі лауазымынан босатылды» делінген хабарламада. Қанат Сейдгапбаровтың еңбек өтілі: 2000-2001 жж. – Оңтүстік Қазақстан облысының прокуратура органдарында жұмыс істеген; 2001-2006 жж. – ҚР Бас прокуратурасының қызметкері; 2011-2016 жж. – ҚР Бас прокуратурасы департаментінің бастығы; 2016-2019 жж. – ҚР Президенті әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары; 2019 жылғы 24 сәуірден бастап ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі басқармасының басшысы.