Елордада отбасылық өмірдің құндылықтары мен құпиялары жөнінде студенттермен кездесу өтті
Елордада отбасылық өмірдің құндылықтары мен құпиялары жөнінде студенттермен кездесу өтті
619
оқылды
Елордада «Ұлттық ғашықтар күні» қарсаңында Нұр-Сұлтан қаласы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері студенттермен «Жаңа Қазақстан: отбасылық және адамгершілік құндылықтарды нығайту» тақырыбында кездесу өткізді. «Бақытты отбасылық өмір бірден бола қалмайды, үлкен еңбекті талап етеді. Отбасын құру көп уақытты, күш пен энергияны қажет етеді. Бірақ бұл адам өміріндегі ең маңызды қадамдардың бірі болып есептеледі», – деді қалалық мәслихат депутаты Назгүл Мақжан. Іс-шара барысында «Қазақ қызы» ҚБ төрағасы, Қазақ қызы мәдени-адамгершілік тәрбие институтының негізін қалаушы, әйелдер істері жөніндегі комиссияның мүшесі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің штаттан тыс кеңесшісі Қарақат Әбден сөз арасында әйелдің қоғамдағы рөлін арттырудың және отбасылық құндылықтарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Кездесуге Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің және Назарбаев университетінің 1-2 курс студенттері шақырылды. Сол сияқты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар қатысты. отбасы «Әйелдер көшбасшылығы» жұмыс тобының мүшесі, танымал тележурналист, продюсер Айгүл Мүкей, Нұр-Сұлтан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның хатшысы Қарлығаш Саркенова бақытты отбасылық өмірдің құпияларымен бөлісті. Спикерлер мұндай диалог алаңы отбасылық құндылықтарды түсінуді жетілдіру үшін маңызды екенін атап өтті. Комиссия мүшелері еркін форматта студенттермен белсенді сұхбат жүргізді, сондай-ақ олар үшін «сұрақ-жауап» сессиясын өткізді. Кездесуде «Отбасы мекені» жобасының белсенді қатысушылары – жас отбасыларға Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Берік Жәкеновтің атынан алғыс хаттар табыс етілді. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Салтанат Тұрсынбекова қатысты. отбасы