Полицейді ұрып-соққан ШҚО тұрғыны 5 жылға сотталды
Полицейді ұрып-соққан ШҚО тұрғыны 5 жылға сотталды
©www.inform.kz
253
оқылды
Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының 34 жастағы тұрғыны полицейді ұрып-соққаны үшін Қылмыстық кодекстің 380-бабымен кінәлі деп танылды. Осылайша, ер адам соттың үкімімен 5 жылға темір торға тоғытылған. Өткен жылы 23 наурызда 30 жастағы полиция қызметкері қызметтік міндеттерін орындауда ер адамды медициналық куәландыруға шақыртуға келген. Алайда алкогольдік сусын ішіп алған тұрғын тәртіп сақшысының заңды талаптарын орындаудан бас тартып, полицейдің ішінен қасақана металл сыммен ұрған. Құзырлы орган маманының киім-кешегін зақымдағаны белгілі болды. "Полицейдің кәсіби іс-әрекеті арқасында ер адамның қаруын тартып алып, ұсталды. Сот үкімімен оған 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Биылғы 3 айда Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің тергеу бөлімшелерінің өндірісінде полицейлерге қарсылық көрсету фактісі бойынша қозғалған 9 қылмыстық іс болды" делінген өңірдің полиция департаментінің хабарламасында.