Димаш Прагада көліктің үстінде отырып қолтаңба таратты
Димаш Прагада көліктің үстінде отырып қолтаңба таратты
336
оқылды
Кеше Прагадағы «Типспорт» аренасының жанына жиналған адам қарасы көп болды. Әлемнің 15-тен астам елінен келген Dears-ті Чех Республикасында әртістің алғашқы жеке концертін өткізуге келген Димаш пен оның командасы қарсы алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Dimashnews сайтының мәліметінше, Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтетін аренаның «Типспорт» аумағын кеше жылы және мерекелік атмосфера жайлаған. Чехия, Финляндия, Бразилия, Ресей, Румыния, Украина, Германия, Болгария, Канада, Ұлыбритания, Испания, Перу, Польша, Қазақстан және басқа да елдердің өкілдері Димашты Чех Республикасының жүрегі – Прагада үлкен қуанышпен қарсы алды. Дәстүр бойынша, Dears сүйікті әншінің әндерін бірлесіп орындады. Димаштың чехиялық жанкүйерлері қымбатты қонақтардың кездесуін ұйымдастырды. Ұлттық чех костюміндегі Dear қолынан дәстүрлі нан-тұзды әншінің өзі және оның ата-анасы алды. Сондай-ақ, әншіге жергілікті шеберлердің ұлттық чех стилінде қолдан жасалған әдемі сыйлықтары тапсырылды. Күтіп алушылар өте көп болғандықтан Димашқа автомобильдің шатырына шығып отырып қолтаңба таратуға тура келді, жанкүйерлерімен сөйлесіп, оларға алғысын айтты.