Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың ғылым жөніндегі проректоры тағайындалды
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың  ғылым жөніндегі проректоры тағайындалды
567
оқылды
«Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Жанна Құрманғалиева Басқарма мүшесі – ғылым, коммерцияландыру және интернационалдандыру жөніндегі проректор болып тағайындалды. Ж. Құрманғалиева осы лауазымға тағайындалғанға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетін басқарды. «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықов ЖОО ұжымына ғылым жөніндегі жаңа проректорды таныстырып, білім ордасының ғылыми бағытын дамыту бүгінгі таңда стратегиялық маңызды екенін атап өтті.
«Ел Президенті ғылымның дамуын маңызды басымдықтардың бірі ретінде белгіледі. Бұл бағытта университет ғылымы үлкен рөл атқарады. Қазір ЕҰУ алдында зерттеу университетіне көшу бойынша маңызды міндеттер тұр. Кластерлік тәсіл шеңберінде ғылыми әлеует пен инфрақұрылымды кеңейту жұмысын жалғастыру қажет. Ғылымның ел экономикасының нақты секторына үлесін арттыру мақсатында университетімізде ірі перспективалық жобалар іске асырылады. Осы маңызды бағыттардың барлығын салада үлкен тәжірибесі бар адам қолға алатыны өте маңызды», – деп атап өтті Ерлан Сыдықов.
Айта кетейік, Жанна Құрманғалиева М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген. Саясаттанушы, әлеуметтік-саяси пәндер оқытушысы, құқық бакалавры. Басшылық лауазымдарда үлкен жұмыс тәжірибесі бар.