Жылқы ауруының себебі белгілі болды
Жылқы ауруының себебі белгілі болды
1,027
оқылды
Атырау облысындағы 211 жылқы делафондиоз ауруы­ның қоздырғышы, гас­тро­филез, жылқы параска­ри­до­зы сияқты ауруға шалдық­қан. Мұны Ветеринарлық бақылау және қадағалау ко­митетінің мамандары алған сынамалардың қорытын­дысы растады. Аталған сынамалар мен пато­логиялық материалдар республи­калық ветеринариялық зертха­наға, Ұлттық референттік вете­ринария орталығына, Биоло­гия­лық қауіпсіздік мәселелері бо­йын­ша зерттеу институты және Қа­зақ ғылыми-зерттеу ветери­нария инс­титутына жіберілген болатын. Облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевтың мәлі­ме­тінше, наурыз айынан бері өңірде 211 жылқы ауруға шалдыққан екен. «Исатай, Құрманғазы және Махамбет аудандарында биылғы наурыз айынан бері 56 жеке тұр­ғын мен 5 шаруа қожалығына қа­расты 211 жылқы белгісіз ауру­мен ауырғаны анықталды. Оның ішінде 75 жылқы өлді. Ал 136 жыл­­қыға симптоматикалық ем­деу шаралары жүргізіліп жатыр», – дейді Қайрат Нұрлыбаев. Қазір ғалымдар бұл аурумен күресу үшін қан паразитарлық ау­рулар мен гельминтоздарды емдеу және алдын алу шаралары бойынша жұмыстарды жүргізуді ұсынады.