1 миллиард долларды қайтаруы мүмкін
1 миллиард долларды қайтаруы мүмкін
301
оқылды
Қаржы министрлігі елден сыртқа заңсыз шы­ғарылды делінген 1 миллиард доллар көле­мін­дегі қаражатты қай­тару бойынша жұмыс жүргізіп жа­тыр. Бұл туралы аталған ведомствоның бас­шысы, Үкімет басшысының орын­басары Ерұлан Жа­маубаев айтты. «Қаржы министрлігі тара­пынан Ұлттық банкпен ай­тылған статистикалық ақпараттың бәрін зерттеп, сарап­тағанбыз. Нәти­же­сінде, Қаржылық мониторинг агент­тігіне 8 іс бойынша шамамен 1 млрд АҚШ долларына жуық заң­бұзушылық деп тапқан, тәуе­ке­лі бар істерді берген едік. Олар қазір тергеу жұмыста­рын жүр­гізіп жатыр. Бас проку­ра­тураның тарапынан 20-дан астам құқықбұзушылыққа байланысты іс қозғалған болатын. Сол қоз­ғалған істер бойынша шамамен 1 млрд АҚШ дол­ларына болжанып отыр. Бірақ нақтылай ақпаратты, қай кездегі немесе қандай субъек­тілер бойынша екенін құқық қор­ғау органдарынан алу керек», – деді Қаржы министрі.