Қазақстандағы ең криминалды өңір белгілі болды
Қазақстандағы ең криминалды өңір белгілі болды
Фото: pixabay.com
1,041
оқылды
Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда 44,6 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Бұл былтырға қарағанда 6,5%-ке аз. Өңірлер арасында Алматы қаласы – ең көп қылмыс орын алған қала атанды. Жыл басынан бері 44 мыңнан астам қылмыс тіркелген. Олардың 17,9 мыңы – ауырлығы орташа, 12,8 мыңы – ауыр, 6,8 мыңы – онша ауыр емес, 807-сі – аса ауыр қылмыстық құқық бұзушылықтар. 2021 жылғы қаңтар-наурыз аралығында 47,7 мың қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Былтырмен салыстырғанда елімізде құқық бұзушылықтар саны азайған. Өңірлік бөліністе қылмыстық істердің басым бөлігі Алматы қаласында тіркелген. Бұл аталған аралықта республика бойынша орын алған қылмыстың 22,2%-ін құрайды және былтырға қарағанда 26,6%-ке артық. Сондай-ақ, анти-лидерлер үштігіне Нұр-Сұлтан қаласы (4,3 мың қылмыс) және Алматы облысы (4,2 мың қылмыс) енді. Еліміздегі өңірлер арасында ең аз қылмыстық құқық бұзушылық Қызылорда облысында тіркелген (972). Ең көп тіркелген құқық бұзушылық – меншікке қатысты қылмыстар (31,2 мың қылмыс). Соған қарамастан бұл былтырға қарағанда 7,4%-ке аз. Сондай-ақ ең көп орын алған қылмыстар қатарында жеке тұлғаға қарсы құқық бұзушылық (3 мың қылмыс) және қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы құқық бұзушылық (2,3 мың қылмыс) бар. Қаңтар оқиғасына байланысты құқық бұзушылықтардан келтірілген залал сомасы биыл 120,6 млрд теңгеге жеткен. Бұл былтырмен салыстырғанда 61%-ке көп. Оның ішінде ең көбі «Меншікке қарсы құқық бұзушылық» фактісі бойынша тіркелген қылмыстар. Одан келген шығынның жалпы мөлшері 68,1 млрд теңгені құраған.