Қазақстан әуежайлары мен вокзалдарында тексерілмейтін жолаушылар тізімі жарияланды
Қазақстан әуежайлары мен вокзалдарында тексерілмейтін жолаушылар тізімі жарияланды
Фото: pixabay.com
438
оқылды
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев көлік инфрақұрылымы объектілерінің тізбесін бекіту туралы бұйрыққа қол қойды. Заңда жеке заттарына тексеру жүргізілмейтін азаматтар тізімі жарияланды. Қазақстан вокзалдарында және әуежайларында жолаушыларды, қол жүгі мен багажды тексеру жүргізіледі. Мұндай тексеру жолаушылардың қауіпсіздік деңгейін арттыру, сондай-ақ терроризмге қарсы қорғанысты қамтамасыз ету үшін қажет. Тексеру жүргізілмейтін азаматтардың тізімі:
  1. ҚР Президенті;
  2. ҚР Премьер-министрі;
  3. ҚР Парламенті Сенатының төрағасы;
  4. ҚР Парламенті Мәжілісінің төрағасы;
  5. ҚР Мемлекеттік хатшысы;
  6. ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы;
  7. Конституциялық Кеңес төрағасы;
  8. ҚР Жоғарғы Сотының төрағасы;
  9. ҚР Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы;
  10. ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы;
  11. ҚР Премьер-министрінің орынбасары;
  12. Президент көмекшісі – ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы;
  13. ҚР Бас прокуроры;
  14. ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы;
  15. ҚР Президентінің Іс басқарушысы;
  16. Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы;
  17. Министрлер;
  18. Қазақстанда аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктерінің басшылары мен дипломатиялық персонал мүшелері, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.
  19. Қазақстанда аккредиттелген шетелдік консулдық мекемелерінің елшілік лауазымды адамдары, сондай-ақ олардың отбасы мүшелері.
Көлік инфрақұрылымы объектілеріне  кіргізуге тыйым салынған заттар тізімі:
  • жарылғыш құрылғылар: гранаталар, миналар, снарядтар, оқ-дәрілердің барлық түрлері, динамит және тағы басқалары;
  • радиоактивті заттар;
  • есірткі заттары;
  • тез тұтанғыш сұйықтықтар: бензин, метанол, мұнай өнімдерінің сынамалары және басқалары;
  • су тиюі әсерінен өздігінен тұтануы және өртенуі мүмкін жылу және жанғыш газдар шығаратын тұтанғыш қатты заттар: калий, натрий, органикалық пероксид және басқалары;
  • улы және уландыратын сұйық немесе қатты күйдегі, ыдысқа оралған заттар: бруцин, стрихнин, этиленгликоль, сынап, тағы басқалары;
  • жұқпалы немесе биологиялық қауіпті материалдар;
  • күйдіргіш және тотықтырғыш заттар;
  • атыс қаруының барлық түрлері;
  • түйрегіш және кесетін қарудың барлық түрлері.