Семейде жетінші сынып оқушысы сыныптасын өлімнен аман алып қалды
Семейде жетінші сынып оқушысы сыныптасын өлімнен аман алып қалды
Фото: arnapress.kz
482
оқылды
Семейде Ертіс өзеніне батып кете жаздаған 11 жасар баланы сыныптасы құтқарып қалған. Arnapress-тің хабарлауынша, 1 мамыр күні Әуезов аудандық полиция бөліміне қала тұрғыны хабарласып, Шағала ауданы маңында оқушы баланың суға кеткені туралы айтқан. Оқиға орнына бірінші болып жеткен патрульдік полиция батальоны Ертіс өзеніне батып кете жаздаған оқушыны дереу жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған. Кейін анықталғандай, баланы оның сыныптасы, №11 орта мектептің 7-сынып оқушысы Руслан Нұрғалиұлы Омаров құтқарып қалған. Ол досына алғашқы медициналық көмек те көрсеткен.
«Жүзу білмесеңіз және негізгі қауіпсіздік ережелерінен бейхабар болсаңыз, суға түспегеніңіз абзал. Ата-аналар кәмелетке толмаған баласын көзден таса етпегені дұрыс» - деп ескертті полиция.