Ораза айында елімізде Рамазан есімді 1085 ер бала дүниеге келген
Ораза айында елімізде Рамазан есімді 1085 ер бала дүниеге келген
868
оқылды
Сәуір айында дүниеге келген ұлдарға Рамазан, ал қыздарға Медина есімі ең көп қойылған. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жариялады. Қазақстанда ораза басталғалы Рамазан есімді 1085 сәби дүниеге келген. Екінші орында сұранысқа ие болған есім – Айсұлтан. Бұл ат 248 ұлға қойылған. Сондай-ақ алдыңғы үштікке 174 адамның таңдауымен Алихан есімі енген. Еске сала кетсек, наурыз айында бұл ең көп қойылған (284) ат болатын. Сонымен қатар, сәуірде еліміздің 141 тұрғыны баласына Нұрислам есімін беріпті. Ал, қыздарға ең көп қойылған есім – Медина. Сәуірде 430 ата-ананың таңдауы осы есімге түскен. Екінші орында – Раяна, бұл есім 383 рет қойылған. Ал Айша есімі 343 сәбиге қойылып, алғашқы үштікке еніп отыр. Өткен айдағы статистика нәтижесі нәрестелерге негізінен мұсылманша есімдердің жиі қойылғанын көрсетеді. Мысалы, Әли, Ислам, Мухаммад, Муслим, Дінмұхаммед, Амина, Ясина, Фатима сияқты басқа да аттар кең таралған.