Елордада қанша фонтан барын білесіз бе?
Сәуір айының аяғында Нұр-Сұлтандағы субұрқақтарды қосуға дайындық жүріп, олардың қайта іске қосу және жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Сөйтіп елорда әкімдігі мамыр айының басында фонтандардың іске қосылатынын да хабарлаған болатын. Міне, сол күнге де жеттік...
[caption id="attachment_194814" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Сонымен, Байқоңыр ауданы әкімі аппаратының балансында екі фонтан бар. Бірі Республика даңғылы, 34 мекенжайында, яғни Жастар сарайында үшеу болса, Есіл сауда үйінің маңында біреу бар.
[caption id="attachment_194832" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Аудандық әкімдік хабарлауынша, биыл субұрқақтар жаңартылмайтынын хабарлады.
[caption id="attachment_194818" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Ал Сарыарқа ауданында субұрқақтардың бәрі бірдей әкімдіктің қарамағында емес.
[caption id="attachment_194830" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Қолданыстағы 10 нысанның біреуі – Нұр-Сұлтан қаласының қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының балансында. Бұл фонтанның каскады биыл әкімдік балансына өтеді екен.
[caption id="attachment_194819" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
«Өмір ағашы», «Сирень» немесе «Бөртегүл», Абай/Желтоқсан субұрқағы, «Ақжайық», «Атырау», «Жастар театры», Москва көшесінің бойындағы саябақтағы субұрқақ, «Айналмалы шар» фонтандары осы ауданда орналасқан. («Чупа-чупс»), «Әлия Молдағұлова ескерткіші».
[caption id="attachment_194820" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Алматы ауданында да субұрқақтар іске қосылып, қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
[caption id="attachment_194829" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Аудан әкімдігінің балансында 9 субұрқақ мен субұрқақтар кешені бар.
[caption id="attachment_194821" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Атап айтсақ, «Президент саябағы»; «Қазақ елі»; «Хазірет Сұлтан»; Отан қорғаушылар алаңындағы субұрқақ кешені; Б.Момышұлы даңғылының бойындағы оқушылар сарайындағы субұрқақ; Тәуелсіздік сарайының жанындағы субұрқақ кешені; Б.Момышұлы ескерткіші жанындағы алаңда субұрқақ; «Студент» саябағындағы «Ақ бұлақ» субұрқағы; Бейбітшілік және келісім сарайының жанындағы субұрқақ кешені.
[caption id="attachment_194822" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Елордадағы аудандардың ішінде Есіл өңірі фонтанның саны бойынша біріншілікке ие.
[caption id="attachment_194828" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]
Ауданда барлығы 27 субұрқақ кешені бар. Оның ішіне 46 фонтан кіреді.
[caption id="attachment_194827" align="alignnone" width="1200"] ©Радмир Фахрутдинов[/caption]