Еліміздің одан әрі даму бағытын азаматтар шешуі керек
Еліміздің одан әрі даму бағытын азаматтар шешуі керек
443
оқылды
Бүгінде елімізде азаматтар өмірінің барлық саласын қозғайтын маңызды оқиғалар орын алуда. Басты оқиға – еліміздің Негізгі заңына толықтырулар енгізу. Бұл пікірді АМАNАТ партиясының Қоғамдық саясат институты саяси талдау бөлімінің жетекшісі Дәурен Базаров айтты. Ол 1995 жылы Конституция қабылданғаннан кейін Парламент қабырғасында Ата заңға 4 рет түзету енгізілгенін еске салды. Алайда, ол уақытта ел азаматтары бұл үдерістерге тікелей қатысқан жоқ. Өз ұстанымдарын білдірмеді. «Конституция – мемлекеттік құрылымды айқындайтын, азаматтардың өмірінің барлық салаларын реттейтін және барлық деңгейдегі заңдардың одан әрі қабылдануына негіз болатын басты құжат. Мемлекет басшысы Қазақстанның одан әрі дамуы саяси реформаларсыз мүмкін емес екенін мәлімдеді. Осы бағытты ұстанып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» саясатын жүзеге асыра отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша референдум жариялады», - деді ол. Дәурен Ермекұлы референдумның тікелей демократия құралы екенін алға тартты. Азаматтардың ерік-жігерінің маңызды процесі деп бағалады. Қоғамда қалыптасқан қағидаттарды өзгертетін шешімдерді қабылдауға халықты тарту арқылы жаңа саяси мәдениетті қалыптастырады. «Еліміздің одан әрі даму бағытын азаматтар шешуі керек. Оның үстіне, осындай маңызды мәселені референдумға шығару – биліктің халыққа деген сенімінің көрсеткіші, билік пен әрбір азаматтың өзара іс-қимыл көпірлерін құрудың өлшемі. Референдум өткізу – биліктің ғана емес, халқымыздың кемелділігінің көрсеткіші», - деді Д.Базаров.