Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен үш адамға Халық қаһарманы атағы берілді
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен үш адамға Халық қаһарманы атағы берілді
Фото: akorda.kz
1,742
оқылды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы қаулысы шықты. Бұл туралы Ақорда хабарлады. «1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм)  –   8-гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-атқыштар ротасының мергені  
Несмиянов Александр Александрович (марқұм)   126-Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-атқыштар полкі 1-атқыштар батальонының командирі  
Сүлейменов Ыбырайым (марқұм)  –   100-бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-бөлімшесінің мергені-бақылаушысы.
  Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі» делінген ресми хабарламада.

Бұған дейін соғыс ардагерлеріне миллион теңгеден берілетінін хабарлаған болатынбыз.