Алматыда нөсер жаңбырдан көшелер өзенге айналды
Алматыда нөсер жаңбырдан көшелер өзенге айналды
504
оқылды
Алматыда қатты нөсер жаңбыр жауды. Қала көшелері бейне бір өзенге айналғандай әсерге қалдырды.  Қазіргі уақытта нөсер жауын-шашын туралы дауылды ескертуден кейін аудан әкімдіктері мен тиісті мекемелер су тасқынын жоюға дер кезінде жұмылдырылғаны туралы айтылуда. Сондай-ақ, «Қазселқорғау» қызметі де бақылау бекеттерінде бақылауды күшейткенін мәлімдеді. Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматы қаласы бойынша сағат 15.00-дегі жағдай бойынша 112 желісі мен 109-құтқару қызметіне Райымбек даңғылы, 234 және Әйтиев көшесіндегі №8, №6 мекенжайындағы аулалармен, сол маңдағы тұрғын үйдің жертөлелерін су басып жатқаны туралы екі хабарлама келіп түскен.    width= Ведомствоның мәліметінше, аталған жерге тиісті мамандар мен техникалар жіберілген. Кейбір әлеуметтік желілерде мегаполистегі бірнеше сауда ойын-сауық орталықтарының төменгі қабатына орналасқан автотұрақтардың іші кішігірім көлге айналған видеолар пайда болды.    width= Ауа райы болжамына сәйкес, алдағы үш күнде оңтүстік астанада толассыз қатты жаңбыр жалғасады деп болжануда.    width= Айта кетейік Алматы әкімдігі жақында арық желісін орнатуды жоспарлап отырғанын айтқан болатын. Мамандар мегаполистің арықтарын зерттеп, тығырықтан шығудың жолын таптық деп жариялаған еді. https://youtu.be/6wkcyJrdP2g