Алматыда 10 жастағы бала жоғалып кетті
Алматыда 10 жастағы бала жоғалып кетті
394
оқылды
Алматыда 10 жастағы Геннадий Рагутко жоғалып кетті. Ол 10 мамыр күні  үйінен  шығып кетіп, осы күнге дейін қайтып оралмаған.  Түрксіб аудандық полиция бөлімінің хабарлауынша, қазіргі таңда Геннадийді   белсенді іздеу жұмыстары жалғасуда.
«Бүгінгі таңда Жедел бөлімше, ювеналды полиция және сыртқы қызмет қызметкерлерінен арнайы іздестіру тобы құрылды. Сонымен қатар, еріктілер іздеу жұмыстарына белсенді түрде көмектесуде. Қазір баланың болуы мүмкін жерлердің барлығы жіті тексеріліп жатыр», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД-нің баспасөз қызметі.
Полицейлердің айтуынша, бала бұған дейін үйден бірнеше мәрте осылай шығып кеткен. Бірақ қайтып оралған. Іздеу шаралары жалғасуда.

Алматы