Әскердегі әлімжеттік саптың сетінеуіне себеп
Әскердегі әлімжеттік саптың сетінеуіне себеп
790
оқылды
Бүгінде әскери салада қайғылы оқиғалар жиілеп кетті.  Айдың-күннің аманында  әскерге сап-сау аттанған  балаларының табытпен  оралуы ата-аналардың көңілін  алаң етіп тұр. Айналдырған 2-3 айдың  ішінде Жамбыл облысындағы  әскери бөлімдерде 2 бірдей жас сарбаз ажал құшты. Әрине, бұдан кейін  ұлын Отан алдындағы қастерлі борышын өтеуге жібергісі келмейтін ата-аналарды түсінуге болады.  Саладағы осы секілді жағдайлар сайып келгенде елдігіміздің қалқаны саналатын отандық қорғаныс жүйесінің беделіне нұқсан келтіреді. Жауынгердің жұмбақ өлімі Әуелі наурыз айында Меркі ауданындағы «Ан­дас батыр» шекара заставасынан із-түзсіз жоғалып кеткен 19 жас­тағы Ұлықбек Бердішевтің оқиғасын еске тү­сір­сек. Шекарашылар жас сарбаздан көз жазып қа­­лып, оның мүрдесі бір айдан аса уақыттан кейін көр­ші Қырғыз Республикасынан табылды. Сол жолы әскерилер жауынгердің жарғабақ тасқа өзі асылып қал­ғанын айтты. Алайда қырық күн бойы тау-тасты ке­зіп, Ұлықбекті іздеп таппаған туыстары бұған сен­беді. Марқұмның нағашы ағасы Бауыржан Мере­ков жиенін әскерилер абайсызда өлтіріп алуы мүм­кін деген болжамын да жасырмады. «Денесі ісіп кеткен, исі шық­қан. Оны сол жерде бір айдан бері асылып тұрды деуге келмейді. Ме­нің күдігім бойынша ба­ланы өз­дері әскери бөлім аумағында өлтіріп алған секілді. Сондықтан мен бұл жағдайдың соңына дейін барып, кінәлілер­ді сот алдында жауап бергіземін», – деді Б.Мере­ков. Жауынгердің киімдерінің таза күйінде табылуы марқұмның туыстарының күдігін тіптен үдете түсті. Артынша олар Қыр­ғыз Рес­публикасында екі сағатта шы­ғар­ған сот медициналық сараптама­ның да қорытындысына күмән кел­тірді. Жас сар­баздың мәйіті сол күні Тараз қаласына жет­кізіл­ген. Белгіленген тәртіп бойынша сот медициналық сараптама бір ай жаса­лады. Сол себепті Ұлық­бек­тің жақындары аталған сарап­таманың қорытындысын күтіп отыр. Кінәлі кім? Ұлықбектің денесі суымай жатып сәуір айында Отар ауылын­да орналасқан Гвардейск гарнизо­нынан суық хабар жетті. Әскерге шақырылғанына бірнеше күн бол­ған 18 жастағы маңғыстаулық сарбаз Әлібек Қалбай көз жұмды. Бастапқыда Қорғаныс министр­лігі сарбаз ботқаға түйіліп қайтыс болды деген хабар таратты. Кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жан-жақты тексеруді тапсырғаннан кейін күдікті ретінде сол бөлімнің сарбазы Айболат Аманжолов қа­мауға алынды. Алайда Айболат­тың Әлібекті өлтіргеніне көпшілік күмәнмен қарайды. Себебі ол екеуі әскерге бір уақытта шақы­рыл­ған әрі жақын араласқан. Тергеудің барысы мен күдіктіге қатысты дәлел-дәйектер туралы ресми ақпарат жоқ. Сонда да болса Айболаттың анасы Айнұр Төлемісова баласы­ның қаруласын өлтіргеніне сен­бейді. Оның айтуынша, ұлы 13 сәуір күні әскерге аттанған. Ал­ғаш­қы күннен хабарласып, жағ­дайы жақсы екенін, тамақтары ұнап жатқанын айтқан. 22 сәуір күні қызы Отарда бір сарбаздың қай­тыс болғаны туралы әңгіме естігенін айт­қан. Бұл хабардан се­кем алған ана жү­регі облыстық Қор­ғаныс істері жөніндегі депар­та­менті келіп, ондағылардан ба­ла­сы­­ның дін-аман екенін білген соң жай таба­ды. Бірақ үйіне орал­ғанда ұлы қоңырау шалып, әскери бөлімде бір баланың қаза тап­қа­нын, соған өзін кінәлап жатқаны туралы хабарды жеткізген. Қайта Қорғаныс департаментіне барса, мұндағылар бұл жайттан хабарсыз кейіп танытқан. «Әскери бөлімге барып білге­нім, екі атыраулық және екі ақ­тау­лық бала дос болған екен. Пе­тро­павлдық Николай Куроч­кин деген сарбазбен марқұм Әлібек екеуі оның қазасының ал­дында тө­белесіп қалыпты. Алай­да бұл жағ­дай тергеушінің на­за­рынан тыс қалған. Сержант­тан бастап 40 сарбаз «ешқандай төбелес бол­мады» деген соң бұл фактіні те­реңірек тексерме­ген. Президент тапсырма бергеннен кейін ғана әскери тергеу бас­қар­ма­сындағы­лар сегіз сарбазды қамап, тергеуге кіріскен. Бәріне Айболатты кінәлі деп көрсетіңдер деп үгіттеген. Алайда балам сапта тұрып құлаған Әлібекке бірінші жүгіріп барып көмек көрсетуге тырысқан екен. Тергеу барысында петропавлдық Николай Курочкин ғана Әлібекті ұлым ұрғаны туралы айтқан. Бірақ басқа сарбаздардың барлығы Айболат пен Әлібектің арасында ешқандай кикілжің болмағанын, керісін­ше өте жақсы дос болғанын айтып отыр. Менің ба­ламның де­несі де кіші. Оның адам ұруға ша­ма­сы да келмейді», – дейді қамау­ға алынған Айбо­латтың анасы. Тағы бір ойландыратын дерек, Әлібекті әскери бөлімдегі сер­жант келген күнінен бастап «Ай­жамал» деп мазақ қылған кө­рі­неді. Бұны да Айболаттың анасы әскери бөлімге барған кезінде сарбаздардан естіп­ті. Сондықтан жүрегі қан жылаған ана Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа үндеу жасап, ұлына араша сұрады. әскер Әзірге Бас әскери прокуратура бұл іске қатысты тергеу басталға­нын ғана хабарла­ды. Өзге жайттар тергеу мүддесіне байла­нысты жа­рияланбады. Сонда да болса бұл оқиғаның көпшілікке бей­мәлім тұсы көп. Казармадан аурухана төсегіне Күні кеше Шымкенттегі әс­кери бө­лімде тағы бір сарбаз өз-өзіне қол жұмса­мақ болды. Ауруханаға ауыр халде түскен бала бұдан басқа амалы қалмағанын айт­қан. Себебі оны бір бөлмеге бес бала кір­гізіп алып, шешін­ді­ріп, қоқан-лоққы көр­сет­кен екен. Сарбаздың анасының ай­туынша, баласы оған көп жағдайды ашып айта алмаған. Алайда баланың өз-өзі­не қол жұмсаудан басқа амалы қалмап­ты. Ал әскери бө­лімнің командирі жас сарбаздың психикалық ауытқушылығы бар екенін алға тартып оны ауру­ханаға, ал ол жақтағылар психо­неврологиялық емдеу мекемесіне жө­нелткен. Жауынгердің шын мә­нінде психикалық ауытқушы­лы­ғы бар болса, оның медицина­лық комиссиядан қалай өткені қызық. Демек, бұл жағдайдың да кө­леңкелі тұстары көп. Қазір бала­ның ата-анасы ба­ласы үшін әділ­дік іздеп, осындай жағ­дайға жет­кізгендерді жазалау үшін тыры­сып жатыр. Борыштан жалтарып, істі болды Осындай жағдайлардан кейін жастар әскерден қашады деп кі­нәлау бекершілік секілді көрі­неді. Жуырда Қорғаныс ми­нистр­лігі еліміз бойынша 30 мың азамат әскери борышын өтеуден бұлта­рып жүрге­нін айтты. Жылда 200 мыңнан аса адам әскери қызмет үшін медкомиссиядан өтсе, со­лар­­дың тек 30-35 мыңы ғана Отан алдындағы борышын өтеуге атта­нады екен. Өзгесі түрлі себеппен армияға бармайды. Әрі әскерден қашатындар да кездеседі. Әскердегі әлімжеттік жойыл­май, жас­тар өзі еркімен сапқа тұ­руға ниет таныта қоймасы анық. Жамбыл облысында қазір де әс­кер­ден қашып жүргендер аз емес. Жақында азаматтық боры­шын өтеуден жал­тарған Шу ау­данында тұратын азамат­қа қатыс­ты жағдай әлеуметтік желі қол­дану­шылары­ның ойын сан саққа жүгіртті. Әс­керге барудан бас тарт­қан жігітті аудандық Қорға­ныс істері жөнін­дегі бө­лімі­нің мамандары күштеп алып кеткен. Туыстары әлгі аза­маттың жоғары оқу орнында оқи­тынын айтып, Қорғаныс министр­лігінен араша сұрап әлеуметтік желіге жазба қалдырды. Шу болған жазбадан кейін біз де бұл жағдайдың ақ-қарасын анықтап көрген болатынбыз. Сөйт­сек, шулық азаматтың жоға­ры оқу орнында оқып жатқаны тура­лы Қорғаныс істері бөліміне көрсеткен анық­тамасы жалған болып шықты. Мұны оқу орны­ның ректоры да растап, аталған азамат құжаттарын университетке өткіз­ге­німен бірде-бір рет сабаққа кел­мегенін, ешқандай төлем жа­са­мағанын, сол себепті жыл ба­сында оқудан шығарылғанын айт­ты. Аталған азамат әскерге жа­рамды болса да, Отан алдын­да­ғы боры­шын өтеу­ден бас тарт­қан. Сон­дықтан оның үстінен қыл­мыстық іс қозғалады. Еске сала кет­сек, былтыр әскерден қашып жүр­ген шулық азамат 6 жылға шартты түрде сот­талған еді. Байқап тұрсаңыздар, бүгінгі жастар әскерге бармау үшін бар амалын жасайды. Бұл әрине елі­міздің қорғаныс жүйесі үшін абырой емес. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскер әлеуе­тін көтеру ту­ралы нақты тап­сырмасын берді. Алайда мұн­дай жағдайда Қарулы Күштері­мізді күшейте алмаймыз. Жамбыл мен Шым­­кент­тегідей жағдайлар қай­та­ланбауы үшін әскери салаға темірдей тәртіп қажет. Сала­дағы кадр саясатына да баса мән бер­месе болмайды. Мұнда білікті әс­­кери психолог­тердің да көп нәр­­сені шешетінін ұмытпа­ғаны­мыз жөн. Мемлекет тарапынан да сар­баз атанып, сапқа тұруға ниет­ті­лер­ді ынталандыру бағдарла­ма­сын жүзеге асыру да артық бол­майды.

Жамбыл облысы