Солтүстік Қазақстан облысында ірі қарадан бруцеллез індеті анықталды.
Өңірдің алты ауданында ірі қара індетке шалдыққаны белгілі болды. Олар – Айыртау, Ақжар, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов және Қызылжар аудандары. Қызылжар ауданындағы Боголюбово ауылы былтыр күзде де карантинге жабылған-тын.
Ауру жұқтырған 85 сиыр сойылатын болады. Ал иелеріне өтемақы төленбек. Ауру мал анықталған ауылдарда шектеу шаралары енгізіледі. Яғни, бұл елді мекендерден мал мен ет-сүт өнімдері шығарылмайды.
Солтүстік Қазақстан облыстық ветеринария басқармасының бөлім басшысы Қайырлы Қазановтың айтуынша, биылғы жылдың басынан бері сынама алынған 345 мыңнан астам ірі қараның 85-інен бруцеллез анықталды. «Аурудың одан әрі таралуының алдын алу мақсатында 15 күн сайын малдан сынама алынады», – деді маман.
Солтүстік Қазақстан облысы