Шымкенттегі жарылыс: жаңа деректер пайда болды
Шымкенттегі жарылыс: жаңа деректер пайда болды
356
оқылды
Шымкент ТЖД перзентхана маңындағы жарылыстың мән-жайын айтып, оқиға орнында түсірілген кадрларды көрсетті. Құтқарушылардың сөзінше, төтенше жағдай ауруханааралық дәріханада болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жарылыс газдың жиналу себебінен болып отыр. Оқиға орнында өртеніп кеткен күзетшінің мәйіті табылды. Зардап шеккен басқа адамдар туралы ақпарат жоқ. Жарылыс салдарынан ғимарат ішінара құлаған. Бұл туралы Шымкент қалалық ТЖД хабарлады. Сондай-ақ бес қабатты тұрғын үйдің жанындағы пәтер балкондары мен терезелері және жеті жеңіл автокөлік бүлінген. "Жарылыс нәтижесінде "ауруханааралық 138-дәріхана" ЖШС-не тиесілі екі қабатты жеке тұрған ғимаратта өрт шыққаны анықталды, ғимараттың жалпы ауданы 360 шаршы метр, қабырғалары кірпіш. Сағат 12.06-да өрт ауыздықталды, алдын ала өрт аумағы 55 шаршы метр. Өртті жоюға ТЖД 37 қызметкері мен 9 техникасы жұмылдырылды. Жарылыстың себебі анықталып жатыр, ТЖ жою жұмыстары жалғасып жатыр", - деді Шымкент ТЖД баспасөз қызметіндегілер. Төтенше жағдай орнына қала әкімі Мұрат Әйтенов, сондай-ақ құқық қорғау органдары шұғыл шықты.