Биыл соңғы төрт айда елімізде 3,7 мыңға жуық жол апаты болып, соның салдарынан 5,6 мың адам зардап шекті. Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда бқл көрсеткіш 2,9%-ға өскен.
«Жол көлік апатынан қаза болған 563 мың адамның 42-і кәмелеттік жасқа толмаған балалар, 145-і әйелдер және 418-і ер адамдар», - делінген ведомствоның хабарламасында.
Жол-көлік оқиғаларынан зардап шеккендердің арасында кәмелетке толмағандардың үлесі 15,7% (1000 және 856). Көп жағдайда олар көліктердің соқтығысуынан зардап шекті. Көлік апатынан жапа шеккендердің ішінде 20,7% 30-39 жас аралығындағы адамдар (1164), сондай-ақ 20,4%-ы 21-29 жас аралығындағы жастар (1151).
Статистикаға сәйкес, жол-көлік оқиғаларының 85%-дан астамы жүргізушілердің кінәсінен болады (3245, 2021 жылы — 2656). Оның ішінде 138-і (131) есірткі қабылдаған немесе ішімдік ішкен.