Ер адам балаларына миллион теңгеден астам қарыз болған. Оны полиция қызметкерлері Тілендиев көшесі мен Рысқұлов даңғылының қиылысында ұстады. Ол өз балаларына сот шешімімен белгіленген алименттік төлемді бірнеше жылдан бері төлемей жүрген.
«Тәртіп сақшылары тоқтатқан Chevrolet автокөлігінің жүргізушісі үлкен көлемдегі алимент қарызы үшін іздеуде болған. Ұстау кезінде ер адам полиция мен сот орындаушыларына ешқандай құжат беруден бас тартты», - дейді Алматы қалалық ПД-ның баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта көлік рәсімделіп мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылған. Полицейлердің айтуынша ұсталған адам алимент берешегін толық өтегенше көлік сонда болады. Өз балалрының алдында милиион теңгеден аса борышты берешегінен қашқан әкеге қатысты тергеу, тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Айта кетейік еліміздегі қолданыстағы заңда бұндай «қашқын» әкелерге 40 күннен екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары көзделген.